Жаңалықтар

Қазақстандықтар қанша елге визасыз бара алады?

Қазақстандықтар қанша елге визасыз бара алады?
Фото: gov.kz 03.07.2023 12:00 582

Қазақстан паспорты әлемдік рейтингідегі орны белгілі болды, деп хабарлайды El.kzақпарат агенттігі Finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Рейтингіге БҰҰ-ға мүше 193 ел және 6 аумақ қатысты (бірнеше ел бір орынды иеленуі мүмкін).

Қазақстан Республикасының индексі 91-ді құрады (индекс неғұрлым жоғары болса, ел паспорты соғұрлым беделді болып саналады). Қазақстандық паспорты бар азаматтар визасыз 39 елге бара алады, тағы 52 елде визаны келгеннен кейін рәсімдеуге мүмкіндік жасалған. Ал 107 мемлекетке бару үшін қазақстандықтарға виза қажет. Айта кетейік, Қазақстан бұл орынды Тынық мұхитының маржан аралындағы аса кішкентай мемлекет Наурумен бөлісіп тұр.

Оқи отырыңыз:

Әр паспорттың жеке разрядын анықтау үшін рейтинг сарапшылары үш деңгейлі әдісті қолданған:

- Мобильділікті бағалау (MS) – визасыз режим (VF), келу визасы (VOA), кіруге электронды рұқсат алу (eTA) және визаны электронды (eVisa) түрде алу, егер 3 күн ішінде берілсе;

- VF және VOA ұпайлары;

- БҰҰ Даму бағдарламасының адам әлеуетін дамыту индексі (қосымша критерий ретінде пайдаланылады).

Әлемдегі ең беделді төлқұжат – БАӘ азаматтарында. Олар үшін 125 елде визасыз режим қолданылады, тағы 55 елде визаны келгеннен кейін алуға болады және тек 18 елге виза қажет.

Рейтингінің ортасында – 45-ші орында, 101 индексі бар төлқұжаттар Шығыс Тимор мен Бахрейн орналасқан.

ТМД елдері арасында Қазақстан паспорты Украина, Ресей, Молдова және Беларусь елдеріне жол беріп тұр. Бұл ретте, біздің паспорт Армения, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан құжаттарынан мықты болып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға