Жаңалықтар

Қазақстандықтар өз балаларына 22 млрд теңге алимент төлеуден қашып жүр

Қазақстандықтар өз балаларына 22 млрд теңге алимент төлеуден қашып жүр
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 30.11.2023 09:33 270

Қазақстанның прокуратурасы алимент төлеуден жалтарған 6 мың борышкерді жауапқа тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, қадағалаушы мекеме жұмысының арқасында 140 мың балаға 23 миллиард теңге көлеміндегі алимент берешегін өтеуге мүмкіндік туды. Тұрақты төлемейтіндердің қалған қарызы – 22 млрд теңге.

Прокуратура органдары борышкерлердің есепке алынбаған және жаңа кіріс көздерін анықтау үшін жаңа тәсілдер мен алгоритмдер әзірледі: такси қызметіндегі мобильдік қосымшалар арқылы жұмыс істеу (Яндекс, inDriver, DiDi, Uber), букмекерлік кеңселердегі ставкалар, электрондық әмияндар және тағы басқасы, - делінген Бас прокуратура мәліметінде.

Аталып өткендей, алимент төлемеудің негізгі себебі – борышкерлердің жұмысқа орналаспауы, тұрақты табыстың болмауы. Сол себепті прокуратура органдары сот орындаушылары, полиция, әкімдіктер және басқа да уәкілетті органдармен бірлесе отырып жұмыс атқарады.

Нәтижесінде 200-ге жуық вакансия ұсынылған жәрмеңке ұйымдастырылған. Жұмыспен қамту органдарында 20 мың жұмыссыз борышкер есепке алынды, оның 9,5 мыңы жұмысқа орналасты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға