Қазақстанда жаз мезгілі биыл ұзақ демалыссыз басталады. Маусым айында мереке күндерін ауыстыру қарастырылмағандықтан, қазақстандықтар қалыпты жұмыс кестесімен демалады. Соған қарамастан, 2026 жылдың маусымында ел тұрғындарын 8 демалыс күні күтіп тұр. Бұл ай артық қарбалассыз демалыс жоспарлап, саяхатқа шығуға ең қолайлы кезеңдердің бірі саналады.
2026 жылдың маусым айында қанша күн демалыс болады
Бес күндік жұмыс аптасында:
- 8 демалыс күні;
- 22 жұмыс күні;
Алты күндік жұмыс кестесінде:
- 4 демалыс күні;
- 26 жұмыс күні;
Маусым айында мемлекеттік мерекелер болмағандықтан, қосымша демалыс күндері жоқ. Тек сенбі мен жексенбі күндері демалыс болып есептеледі.
Демалысқа шығу үшін маусым айы неліктен тиімді
2026 жылдың маусымы демалысқа шығу үшін ең қолайлы айлардың бірі. Бұл айда 22 жұмыс күні бар, яғни бұл өндірістік күнтізбедегі ең жоғары көрсеткіш.
Жұмыс күндері көп болған сайын, бір күндік жалақы да көбірек болып есептеледі. Соның арқасында демалысқа шыққанда табыс азаймайды, яғни демалыс қаржылық жағынан тиімдірек болады.
Маусым айындағы мерекелер
Жаздың алғашқы айы қосымша демалыс күндерін сыйламаса да, түрлі мерекелік және атаулы даталарға толы болмақ.
- 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні;
- 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні;
- 5 маусым – Экологтар күні;
- 7 маусым – Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің күні;
- 9 маусым – Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшілері мен қызметкерлері күні;
- 14 маусым (маусымның екінші жексенбісі) – Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні;
- 14 маусым (маусымның екінші жексенбісі) – Малшылар күні;
- 21 маусым (маусымның үшінші жексенбісі) – Медицина қызметкерлері күні;
- 21 маусым (маусымның үшінші жексенбісі) – Әкелер күні;
- 23 маусым – Полиция күні;
- 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні;
- 24 маусым – Судья және сот қызметкері күні;
- 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні.