Жаңалықтар

Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады

Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 27.04.2023 17:31 733

Қазақстандықтар 2023 жылғы мамырда 10 күн демалады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Себебі бұл айда үш бірдей мереке бар.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні;

7 мамыр – Отан қорғаушы күні;

9 мамыр – Жеңіс күні. 

1 мамыр дүйсенбіге тура келгендіктен, қатарынан үш күн демаламыз. 

7 мамыр жексенбіге түседі. Мереке күні демалысқа келіп түссе, демалыс келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Осылайша жексенбі күнгі 7 мамырдың орнына дүйсенбі 8 мамырда демалыс болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға