Жаңалықтар

Қазақстандықтар көлікке VIP нөмірді онлайн сатып ала алады

Қазақстандықтар көлікке VIP нөмірді онлайн сатып ала алады
Фото: © Polisia.kz 30.05.2023 10:03 443

Қазақстандықтар арасында VIP нөмірге деген сұраныс әлі де жоғары, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткен жылы автокөлік иелері шамамен 6 млрд теңгеге VIP нөмірлер сатып алған. Polisia.kz мәліметінше, енді мұндай нөмірлерді сатып алуды қолжетімді ету үшін ІІМ оларды таңдау және броньдау бойынша тиісті сервис әзірледі.

Бұл сервис Цифрлық даму министрлігінің Smart Bridge сервистер витринасында орналастырылған. Сервис мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған барлық интеграциялық платформаларда, оның ішінде екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында да қолжетімді. Сонымен қатар азаматтарға ыңғайлы болу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган осы қызметті еGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеттерге шығару мәселесін пысықтап жатыр, - делінген мәліметте.

Жыл сайын 20 мыңнан астам азамат ХҚКО-ға бармай-ақ, яғни мобильді қосымшалар арқылы VIP-нөмірлер сатып алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға