Жаңалықтар

Қазақстандықтар Грекиядағы аралды өртеді: ҚР СІМ ресми мәлімдеме жасады

Қазақстандықтар Грекиядағы аралды өртеді: ҚР СІМ ресми мәлімдеме жасады
Фото: Εποχικοί Πυροσβέστες/Facebook 24.06.2024 10:35 631

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Грекия аралында болған жағдайға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізде болса, Грекия басылымы Гидра аралында болған орман өртіне Қазақстан азаматтары күдікті ретінде қаралып жатқанын жазған. Грек тарапының ақпаратына сәйкес, өртке яхтада ұйымдастырылған отшашу себеп болуы мүмкін.

Қазақстанның консулы бұл ақпарат жарияланғаннан кейін осы іске қатысты бірден Грекия билігіне хабарласты. Полицияның мәліметіне сәйкес, ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ және оларға ешқандай да талаптар қойылмаған, - деді Айбек Смадияров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға