Жаңалықтар

Қазақстандықтар газ баллонына қанша теңге жұмсайды

Қазақстандықтар газ баллонына қанша теңге жұмсайды
Фото: today.ua 24.02.2023 16:43 972

Қонаев қаласының тұрғындары сұйытылған газ үшін ең көп ақша жұмсайтын болып шықты. Онда газдың 50 литрі 4600 теңгеден сатып алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Сонымен қатар көгілдір отын Қарағанды ( 4380 тг), Алматы (4000 тг), Семей (3886 тг), Өскемен (3733 тг) және Көкшетау( 3177 тг) қалаларының тұрғындары үшін қымбатырақ.

Газ баллонының ең арзаны Қызылордада – 50 литрі 2500 теңге. Басқа қалаларда баға 2700-3000 теңге аралығында. Айта кетейік, Ақтау, Ақтөбе және Атырау қалалары бойынша деректер жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға