Қытайда өтіп жатқан Азия Ойындарында қазақстандық байдарка және каноэ шеберлері финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
200 метр қашықтыққа каноэде есуден Мария Бровкова 52.530 уақытпен іріктеу кезеңінде 1-орын алып, финалға шықты.
500 метр қашықтыққа байдаркада есуден Анастасия Березовская 2:06.783 уақытпен 2-орын алып, финалға өтті.
500 метр қашықтыққа байдаркада есуден ерлер арасындағы командалық сайыста Қазақстан құрамасы ( Игорь Ряшенцев, Андрей Ергучев, Сергей Токарницкий, Бекарыс Раматулла) 1:28.922 уақытпен 3-орын алып, финалға жолдама алды
Ал финалдық сын 3 қазан күні өтеді.
Қазақстандықтар байдарка және каноэде есуден финалға үш жолдама иеленді
Оқи отырыңыз
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады