Жаңалықтар

Қазақстандықтар Балиге тікелей рейспен ұша алады

Қазақстандықтар Балиге тікелей рейспен ұша алады
Фото: pixabay.com 21.09.2023 13:05 650

Азаматтық авиация комитеті әуе рейстер санын одан әрі ұлғайту және Қазақстанға/Қазақстаннан ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда, хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Индонезия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Мохамад Фаджроэль Рахман мырзамен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Индонезия арасында тікелей әуе қатынасын орнату мәселелері талқыланды.

Қазақстан мен Индонезия арасындағы өзара қарым-қатынастарды одан әрі дамыту және туристік ағымды ұлғайту мақсатында доктор Мохамад Фаджроэль Алматы – Бали бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашу ұсынылды. Тараптар белгіленген құқықтық базаны атап өтті, оған сәйкес әрбір тараптың тағайындалған әуе компаниялары елдер арасында 5-ке дейін тұрақты жолаушылар рейсін орындауға құқылы.

Қазақстан әуе компаниялары үшін рұқсат етілген пункттер: Джакарта және Денпасар (Бали), Индонезия әуе компаниялары үшін: Астана және Алматы.

Сондай-ақ, Елші мырза Қазақстан азаматтарының Индонезияға келгеннен кейін Индонезия визасын алу мүмкіндігі туралы хабардар етті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар елдер арасында тікелей әуе қатынасын орнату жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға