Жаңалықтар

Қазақстандықтар ақшасының көп бөлігін неге жұмсайтыны белгілі болды

Қазақстандықтар ақшасының көп бөлігін неге жұмсайтыны белгілі болды
Фото: © Pixabay.com 14.03.2024 10:28 403

Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың 2023 жылдың IV  тоқсанындағы шығыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды EL.kz aқпарат агенттігі.

Cтатистикада 2023 жылдың IV тоқсанында бір қазақстандықтың шығыны 277 202 теңге немесе айына 92,4 мың теңге болғандығын көрсетеді. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 12,3% жоғары көрсеткішті құрайды.

Ел азаматтары ақшасының көп бөлігін азық-түлікке жұмсайды екен, яғни тоқсанына – 142 169 теңге. Азық-түлікке жатпайтын тауарларға 66 268 теңге, ақылы қызметтерге 48 250 теңге жұмсаған.

Тамақ пен алкогольсіз сусындарға бір қазақстандық 129 953 теңге төлейді. Ал сырттан тамақтануға 6070 теңге, алкогольдік сусындарға 1766 теңге, темекі өнімдеріне 3970 теңге жұмсайды. Орташа алғанда еліміздің бір тұрғыны тоқсанына 14 819 теңгені несие мен қарызды өтеуге, 5362 теңгені алиментке, 334 теңгені салық пен басқа да төлемдерге жаратады.

Ең шығыны көп Астана тұрғындары екен. Бір астаналық тоқсан ішінде 366 345 теңге жұмсаған. Яғни, бұл бір айда – 122 115 теңге.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға