Атом энергиясы жөніндегі агенттік Алматы облысының Жамбыл ауданында салынуы жоспарланған атом электр станциясына атау беру бойынша жалпыхалықтық конкурсты ұйымдастыру жұмыстарына кірісті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Президент ұсынысына сәйкес, агенттіктің бұйрығымен 29 тамызға дейін конкурсты өткізу алгоритмін және оның мерзімдері мен ұсыныстарды қабылдау және қарау тәртібін қамтитын ережелер жобасын әзірлеу тапсырылған жұмыс тобы құрылды. Сондай-ақ құрамына қоғам өкілдері, креативтік индустрия мамандары, атом энергетикасы, филология және тарих салаларының сарапшылары кіретін конкурстық комиссия құру жүктелді.
Агенттік сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары мен ресми байланыс арналарын пайдалана отырып, ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізеді.
Қазақстандықтар АЭС атауын таңдайды
Оқи отырыңыз
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді