Жаңалықтар

Қазақстандық ЖОО-лар Түркиядағы студенттерді қабылдауға дайын

Қазақстандық ЖОО-лар Түркиядағы студенттерді қабылдауға дайын
Фото: stan.kz 08.02.2023 18:20 839

Еліміздің 8 мыңнан аса азаматы Түркия университеттерінде білім алады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР Түркиядағы Елшілігінің ақпараты бойынша 8000-нан астам ҚР азаматы Түркияның жоғары оқу орындарында оқиды, оның ішінде 11 «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары және академиялық ұтқырлық шеңберінде оқитын қазақстандық жоғары оқу орындарының 190 студенті бар.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі оқу елінде төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, қарулы, әскери қақтығыстар жағдайында Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастарды шетелдік жоғары оқу орындарынан ауыстыру оқу жылы бойында жүзеге асырылатынын хабарлайды.

Қазіргі уақытта қазақстандық жоғары оқу орындары ел азаматтарын және қандастарды қабылдауға дайын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға