Жаңалықтар

Қазақстандық жас теннисшілер Германиядағы жарыста жеңіске жетті

Қазақстандық жас теннисшілер Германиядағы жарыста жеңіске жетті
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 08.08.2023 16:18 1173

Қазақстандық жас теннисшілер Баварияда (Германия) екінші санаттағы Tennis Europe сериясы бойынша өткен Junior Bavarian Open 2023 жарысында табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Әдия Омарбек жекелей сында финалға дейін жетіп, онда корт иесі Франческа Парселлиге есе жіберді – 2:6, 2:6.

Есесіне жұптық сында чемпиондық атақ қазақстандықтарға бұйырды. Титул үшін бәсекеде Линара Бөлешева мен Кристина Крученко аустралиялықтар Отт – Расселді қапы қалдырды – 6:3, 6:2.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға