Жаңалықтар

Қазақстандық жас теннисшілер алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды

Қазақстандық жас теннисшілер алғаш рет әлем чемпионатына  жолдама алды
Фото: ktf.kz 05.05.2023 16:18 604

Теннистен Қазақстан қыздар құрамасы 16 жасқа дейінгілер арасында алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Шымкент қаласында Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша өтіп жатқан іріктеу турнирінің жартылай финалында Ярослава Шведованың шәкірттері әлемдегі үздік құрамалардың бірі, жасөспірімдер арасында Билли Джин Кинг кубогінің бес дүркін чемпионы Аустралияны 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Бірінші ойында Ариана Гогулина қарсыласын тартысты матчта 7:5, 3:6, 7:5 есебімен ұтты. Ол бірінші партияда 2:5 есебімен жеңіліп жатып, қатарынан бес геймді алды. Полина Слепцова Аустралия көшбасшысы Тахлия Коккинисті жеңді - 7:5, 6:4.

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы биыл күзде өтетін 16 үздік команданың қатарында әлем чемпионатында өнер көрсетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға