Жаңалықтар

Қазақстандық жас теннисші Испанияда абсолютті чемпион атанды

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясынан мәлім етті
Қазақстандық жас теннисші Испанияда абсолютті чемпион атанды
Фото: kt.kz 20.11.2022 15:21 1315

Қазақстандық Ева Корышева Испанияда атақты теннисші Хуан Карлос Ферреро академиясында 14 жасқа дейінгілер арасында өткен үшінші санаттағы Tennis Europe турнирінің абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, айтулы додаға АҚШ, Аустралия, Румыния, Италия, Германия, Аргентина, Бельгия сынды елдерден мықты ойыншылар қатысып, бақ сынады.

Ақтөбе теннис мектебінің түлегі, 13 жасар Е.Корышева жекелей және жұптық сында үздік шықты.

Ева жекелей сында финалда осы жарыстың бірінші ракеткасы, мажарстандық Грета Немчекті 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Жұптық сында тағы бір қазақстандық Томирис Нұржанмен бірге соңғы бәсекеде Г.Немчек – румыниялық Анастасия Предадан айласын асырды – 6:2, 6:2.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға