Жаңалықтар

Қазақстандық жас футболшылар Испанияда жаттығуға мүмкіндік алады

Қазақстандық жас футболшылар Испанияда жаттығуға мүмкіндік алады
Фото: Қазақстан футбол федерациясы 11.06.2024 20:33 373

Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов, испаниялық «Atlético de Madrid» футбол клубының президенті Энрике Сересо мен Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының төрағасы Данияр Әбілғазин балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, меморандумға сәйкес, тараптар спорттық оқу-жаттығу орталығының құрылысы мен элиталық білім беру бойынша тәжірибе алмасады, сонымен қатар «Atlético de Madrid» стратегиялық қызмет атқарады.

Жоба аясында Алматы облысы Талғар қаласында Ақбұлақ Олимпиадалық орталығының базасында спорттық-білім беру академиясын құру жоспарланып отыр. Академияда заманауи стандарттарға сай футбол алаңдары, спорт залдары, оқу сыныптары мен медициналық-оңалту орталығы болады, - делінген мәліметте.

Жаттықтырушылар құрамына Испаниядан жоғары білікті бапкерлер шақырылады. Жас футболшылар «Atlético de Madrid» әдісі бойынша дайындалып, арнайы грант арқылы Испанияда жаттығуға мүмкіндік алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға