Жаңалықтар

Қазақстандық велотрекшілер Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Қазақстандық велотрекшілер Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды
Фото: instagram.com/drs_kz 14.06.2023 17:49 573

Бүгін Малайзияның Нилай қаласында велотректен ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, бəсекенің алғашқы күні Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста қола жүлдеге қол жеткізді.

Жапония құрамасы биыл да чемпион атанса, күміс жүлде Қытайдың еншісінде.

Жарыс жолына бізден Əлішер Жұмахан, Артём Захаров, Дмитрий Носков пен Рамис Дінмұхамедов шықты. Олар 4 шақырымды 4:00.4 секундта жүріп өтті.

Сары құрлық додасына биыл 30 елдің үздіктері жиналды. Қазақстандықтар саны 14. Тура 2018 жылы Нилайдағы осы ұлттық велодромда құрлық чемпионаты өтіп, оған 22 мемлекет өз спортшысын жіберген.

Малайзиядағы жарыста Париж Олимпиадасына жолдама алуға мүмкіндік беретін ұпайлар үлестіріледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға