Қазақстан құрамасы велотректен халықаралық жарыста 9 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Грекия астанасы Афины қаласында тректегі велоспорттан өткен халықаралық жарыста Қазақстан құрамасы 9 жүлдеге ие болды. Оның алтауы алтын, екеуі күміс, біреуі қола. Додада Қазақстан намысын 5 спортшы қорғады.
Кейрин бойынша ерлер арасында Сергей Пономарев топ жарды. Спринттен Андрей Чугай чемпион атанса, Сергей Пономарев үшінші орынға ие болды.
Омниумнан Рамис Динмухаметов алтын, ал Артём Захаров күміске қол жеткізді.
Мэдисоннан топтық жарыста Артём Захаров пен Рамис Динмухаметов жеңіске жетті.
Сондай топтық жарыста Артём Захаров жеңіс тұғырынан көрінсе, скретч бойынша күміс медальге ие болды.
Қазақстандық велошабандоздар тоғыз медаль жеңіп алды
Оқи отырыңыз
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?