Жаңалықтар

Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионатында жеңімпаз атанды

Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионатында жеңімпаз атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 09.06.2023 16:21 456

Таиландтың Районг қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін 23 жасқа дейінгі велошабандоздар арасында отандасымыз Андрей Ремхе мәре сызығын бірінші болып кесті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ол белгіленген 30 шақырымды 36:11.058 секундта бағындырды. Одан кейін қытайлық Жу Цзиньян мен индонезиялық Мұхаммед Энди Ройан келді.

Бірнеше күн бұрын аралас командалық сында ұлттық құрама чемпион атанған. Ол кезде Қазақстан құрамасы сапында Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Игорь Чжан, Махаббат Үмітжанова, Рината Сұлтанова және Марина Кузьмина жарыс жолына шықты.

Жалпы, Районгта сары құрлықтағы 27 елден келген 700-ге жуық велошабандоз ересектер арасындағы 42-ші, жастар арасындағы 29-шы, 11-пара Азия чемпионатында сынға түсіп жатыр. Мұнда Париж Олимпиадасына қажет рейтинг ұпайлары сарапқа салынады.

Чемпионат 13 маусымда мәресіне жетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға