Жаңалықтар

Қазақстандық үш теннисші Шанхай мастерс турниріне жолдама алды

Қазақстандық үш теннисші Шанхай мастерс турниріне жолдама алды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 03.10.2023 23:47 474

Қазақстандықтар Бейбіт Жұқаев, Михаил Кукушкин және Денис Евсеев Шанхай мастерс турниріне жолдама алды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық теннисшілердің үшеуі де іріктеу сайыстарының финалдық кездесулерін сәтті өткізді.

Дүниежүзілік рейтингте 302-орында тұрған 22 жастағы Бейбіт Жұқаев әлемнің 293-ракеткасы, чехиялық Доминик Паланды 2 сағат 1 минутқа созылған тартысты бәсекеде 7:6 (8:6), 3:6, 6:3 есебімен ұтты.

Сондай-ақ рейтингте 258-сатыдағы Денис Евсеев әлемнің 188-ракеткасы, тайбэйлік Ву Тун-Лиден айласын асырды – 6:4, 4:6, 6:3. Бұл жекпе-жек 2 сағат 11 минутқа созылды.

Әлемнің 246-ракеткасы Михаил Кукушкин 300-орында тұрған аустралиялық Люк Сэвилді 6:3, 6:3 есебімен жолдан тайдырды.

Қазақстандық теннисшілердің Шанхай мастерс додасындағы алғашқы қарсыластары кейін анықталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға