Жаңалықтар

Қазақстандық триатлоншы Азия ойындарында үздік үштікке енді

Қазақстандық триатлоншы Азия ойындарында үздік үштікке енді
Фото: ©Нұрғали Жұмағазы 29.09.2023 09:25 464

Қазақстандық триатлоншы Аян Бейсенбаев Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бейсенбаев 1500 метр қашықтықты жүзіп өтіп, сонан соң велосипедпен 40 шақырымды бағындырып, 10 шақырымды жүгіріп өтті. Жерлесіміздің уақыт көрсеткіші - 1:52:25. Жеңімпаз атағы жапониялық Кенжи Ненерге бұйырды - 1:50:54. Күміс медаль тағы бір жапон спортшысы Макото Одакураның еншісінде - 1:51:49.

Тағы бір қазақстандық Темирлан Теміров алтыншы орын иеленді.

Осылайша Қазақстанның қоржынында әртүрлі дәрежедегі 23 жүлде бар – үш алтын, үш күміс және 17 қола.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға