Жаңалықтар

Қазақстандық төрешілер күрестен Париж Олимпиадасында қазылық етеді

Қазақстандық төрешілер күрестен Париж Олимпиадасында қазылық етеді
Фото: ҰОК 31.05.2024 06:29 477

Біріккен күрес әлемі (UWW) Париж Олимпиадасында төрелік ететін қазылар тізімін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Олимпиада ойындарында төрелік ететін 50 қазының қатарында Қазақстанның екі өкілі бар. Олар - Ерік Жұмабеков пен Игорь Лигай.

Лигай Токио Олимпиадасында да қызмет еткен болатын. 

Айта кетейік, күрес түрлерінен Қазақстан командасында Париж Олимпиадасының 7 жолдамасы бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға