Жаңалықтар

Қазақстандық теннисшілердің Уимблдон турниріндегі қарсыластары анықталды

Қазақстандық теннисшілердің Уимблдон турниріндегі қарсыластары анықталды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 01.07.2023 08:20 571

Лондонда әйелдер және ерлер арасында жекелей сында Уимблдон турнирінің жеребесі тартылды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Еліміздің көшбасшы ойыншысы, жарыстың үшінші ракеткасы болып тіркелген Елена Рыбакина алғашқы кездесуін америкалық Шелби Роджерспен өткізеді.

Юлия Путинцева бірінші айналымда әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен шеберлік байқасады.

Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик америкалық, Астанада челленджер жарысының чемпионы атанған Маккензи Макдональдпен кездеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға