Жаңалықтар

Қазақстандық теннисші WTA 250 турниріне жолдама алды

Қазақстандық теннисші WTA 250 турниріне жолдама алды
Фото: instagram.com/yulia_putintseva 07.01.2024 20:30 492

Қазақстанның екінші, әлемнің 63-ракеткасы Юлия Путинцева Австралияның Хобарт қаласында WTA 250 турниріне жолдама алды, деп хабарлайды El.kz.

Қазақстандық теннисші іріктеу кезеңінде әлемдік рейтингте 115-орында тұрған австралиялық Кимберли Биррельді жеңіске жетті.

Алғашқы партияда Юлия Путинцева 6:3 есебімен алға шыққан жерлесіміз екінші сетті де өз пайдасына шеше алды — 6:4.

Бір жарым сағатқа созылған матчта Юлия 12 брейк-пойнттың жетеуін пайдаға асырды.

Қарсыласы 1 эйс және 4 брейк (9 брейк-пойнт) жасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға