Жаңалықтар

Қазақстандық теннисші Ролан Гаррос турнирінің финалында бақ сынайды

Қазақстандық теннисші Ролан Гаррос турнирінің финалында бақ сынайды
Фото: © Olympic.kz 25.05.2023 02:31 403

Қазақстанның екінші, әлемнің 147-ракеткасы Тимофей Скатов Ролан Гаррос турнирінде финалда бақ сынайтын болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортшы іріктеу сайыстарының жартылай финалында әлемнің 119-ракеткасы, финляндиялық Отто Виртаненмен ойнаған.

Бірінші партияда фин теннисшісі 6:4 есебімен жеңді.

Есесіне екінші сетте қазақстандық спортшы 6:2 есебімен оқ бойы озық шықты. Ол үшінші, шешуші партияда да 3:0 есебімен көзге түсті. Бұдан соң О.Виртанен таразы басын теңестірді. Дегенмен матч 7:5 есебімен Скатовтың пайдасына шешілді.

Қазақстанның екінші ракеткасы іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 165-ракеткасы Мелигени Родригес Алвес Фелипемен ойнайды деп күтілуде.

Егер Т.Скатов бразилиялық теннисшіні ұтса, алғаш рет Ролан Гарростың негізгі додасына жолдама алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға