Жаңалықтар

Қазақстандық теннисші Катарда үздік шықты

Қазақстандық теннисші Катарда үздік шықты
Фото: ҚР ҰОК 26.01.2024 11:36 430

Үстел теннисінен спорт шебері қарағандылық Жанерке Қошқымбаева Дохада өткен (Катар) WTT Youth Contender турнирінде топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

19 жасқа дейінгі жас деңгейінде Жанерке бірінші орын алды. Ол жеңіс жолында Марьям Аллали (Бахрейн), Фаузию Мелки (Катар), Мария Микалауските (Литва), Ур Фавад (Пәкістан), Амрута Пхадке (Бахрейн) секілді қарсыластарын қапы қалдырды.

Бұған дейін ол Қазақстан чемпионатында командалық есепте үздік шыққан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға