Қазақстандық теннисші Австриядағы турнирдің ширек финалына шықты

 ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Линцте (Австрия) өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталмыш жарыста Анна Данилина жұптық сында бақ сынауда.

1/8 финалда ол ресейлік Ирина Хромачевамен бірге Анастасия Децюк/Мириам Колодзиева (Чехия) жұбын 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Келесі кезеңде ресейлік Анастасия Потапова/Яна Сизикова жұбымен кездеседі.

Оқи отырыңыз