Жаңалықтар

Қазақстандық теннисші Австрияда үздік шықты

Қазақстандық теннисші Австрияда үздік шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 17.07.2023 00:26 680

Қазақстандық Андрей Голубев украиналық Денис Молчановпен дуэтте Зальцбургтегі "Челленджер" турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан-Украина дуэті жүлде қоры 145 мың еуро ATP Challenger 125 SALZBURG OPEN 2023 турнирінде жұптық сында жарыстың үшінші ракеткалары ретінде бастаған.

Финалда Голубев пен Молчанов үндістандықтар Анируда Сандрасекара/Виджай Сундар Прашантоманы 6:4, 7:6 (10:8) есебімен жеңді.

Бұл Голубевтің "Челленджерлердің" жұптық сындардағы 16 жеңісі (оның ішінде екеуі осы маусымда).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға