Жаңалықтар

Қазақстандық теннисші АТР турнирінің финалына шықты

Қазақстандық теннисші АТР турнирінің финалына шықты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 24.02.2024 14:12 487

Лос-Кабос қаласында (Мексика) өткен ATP 250 сериясы турнирінде жұптық сайыстың алғашқы финалистері анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Александр Недовесов пен эквадорлық Гонсало Эскобар жартылай финалда аргентиналық Гвидо Андреоцци мен мексикалық Мигель Анхель Рейес-Вареланы 6:2, 6:3 есебімен жеңді.

25 ақпанда Қазақстан-Эквадор дуэтінің шешуші кездесудегі қарсыластары не австралиялық Макс Перселл мен Джордан Томпсон жұбы, не норвегиялық Каспер Рууд пен америкалық Уильям Бламберг болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға