Жаңалықтар

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте өз рекордын жаңартты

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте өз рекордын жаңартты
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 23.11.2023 18:01 495

Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингісінде Бейбіт 187-ден 186-ға көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, бұл – оның дүниежүзілік рейтингтегі үздік көрсеткіші.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 32-орнын сақтаса, Тимофей Скатов – 215, Денис Евсеев – 226, Михаил Кукушкин 229-сатыда тұр.

Жұптық сында Александр Недовесов – 44, Андрей Голубев 61-орнында қалды.

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингісінде Елена Рыбакина бұрынғыша 4-орында келеді. Юлия Путинцева – 69, Аружан Сағындықова 787-сатыда.

Жұптық сында Анна Данилина – 56, Рыбакина – 118, Жібек Құламбаева 143-орынға жайғасты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға