Жаңалықтар

Қазақстандық танымал боксшы Олимпиадаға қатысу үшін салмақ ауыстырды

Қазақстандық танымал боксшы Олимпиадаға қатысу үшін салмақ ауыстырды
Фото: ҚР ҰОК 28.11.2023 15:48 1232

Бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов жаңа маусымды жаңа салмақпен бастамақ. Бұл туралы Olympic.kz-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бекбауов 67 келі салмақта өнер көрсетіп, әлем біріншілігі мен Азия чемпионатының финалына шыққан болатын. 

Астанада өткен Қазақстан Спартакиадасында Дулат жеңімпаз атанды. Осыдан соң боксшы салмақ ауыстыратынын мәлім етті. 

Олимпиадалық салмаққа ауысу туралы шешім қабылдадым. Әрине, 71 келіге бармайтыным анық. Мен салмақ қуып, 63,5 келіге өтпекшімін. Бұл салмақта бізде лицензия жоқ. Сол үшін жаңа маусымнан бастап салмақ қууды қолға аламын. Салмақ қуу айтарлықтай қиын болады деп ойламаймын, - деді Бекбауов. 

Айта кетелік, Дулат Бекбауов IBA ұйымдастыратын 1Чемпиондар түні1 турниріне де тұрақты түрде қатысып келеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға