Жаңалықтар

Қазақстандық танымал боксшы із-түзсіз жоғалып кетті

Қазақстандық танымал боксшы із-түзсіз жоғалып кетті
Фото: Видеодан кадр 25.12.2023 09:34 2067

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі Instagram-дағы стористе отандық танымал боксшы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Еуропа чемпионы Серік Нұрқазовтың із-түзсіз жоғалып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қоғам» еріктілер отрядының мәліметінше, 64 жастағы ер адам 14 желтоқсанда Алматыда жоғалып кеткен.

Назар аударыңыз! Нұрқазов Серік, 04.10.1959 – туған күні. 14.12.2023 күні Луганск көшесіндегі өз үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, оның қайда екені қазірге дейін белгісіз.

Киімі: сұр түсті қалпақ, көк түсті күрте, ақ түсті жейде, қара түсті джинсы шалбар.

Ерекшеліктері: шашы - ақ түсті, сақалы бар. Диагноз қойылған.

Жоғалған адам туралы қандай да бір мәлімет білетін адамдар мына нөмірге хабарласса деп өтінеміз: +7 702 712 79 22 немесе @kogam_almaty, - делінген мәліметте.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Поиск пропавших людей (@kogam_almaty)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға