Жаңалықтар

Қазақстандық тағы бір спортшы UFC-де өнер көрсетеді

Қазақстандық тағы бір спортшы UFC-де өнер көрсетеді
Фото: OCTAGON 31.01.2024 13:34 717

26 жастағы қазақстандық Бекзат Алмахан UFC-мен келісімшартқа отырып, әлемнің үздік лигасында аса жеңіл салмақта өнер көрсететін болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жуық арада қарсыласы мен жекпе-жек уақыты анықталады.

Бекзат OCTAGON-дағы барлық айқасын мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтаған. Алмаханның еншісінде тоғыз жеңіс бар, ММА-дегі рекорды – 17-1.

Біз соңғы тоғыз айда OCTAGON-дағы екінші спортшымыздың UFC-мен келісімге келгенін мақтан тұтамыз. Бұл OCTAGON-ның Орталық Азия өкілдері үшін нағыз арман орындалатын алаңға айналғанын дәлелдейді, - делінген жобаның әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бекзат та Азат Мақсұм секілді отандық танымал маман Дәнеш Дүнгебаевтың қарамағында жаттығады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға