Жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошылар Turkish Open турнирінде үш медаль еншіледі

Қазақстандық таеквондошылар Turkish Open турнирінде үш медаль еншіледі
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 16.02.2024 13:15 579

Түркияның Анталья қаласында таеквондодан G1 санатына кіретін Turkish Open халықаралық жарысы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан құрамасы ересектер арасында 3 медаль жеңіп алды. Алғашқы жарыс күні Жансель Дениз (73 кг) финалда қарсыласқа жол берген. Ал бүгін Самирхон Абабакиров (73 кг) күміс жүлдегер атанса, Руслан Жапаров (+87 кг) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, кадеттер, жасөспірімдер мен жастар арасындағы бәсекені қоса алғанда турнирге 60 мемлекеттен 1900-ге жуық татами шебері жиналды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға