Жаңалықтар

Қазақстандық студенттер жарыс автомобилін құрастырды

Қазақстандық студенттер жарыс автомобилін құрастырды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі 16.08.2023 22:50 953

Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы ел болып «Формула студент» халықаралық жарысында топ жарды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Ғылым және жоғары білім ведомствосы таратқан ақпаратқа сәйкес, студенттер жарысқа арналған автокөлік құрастырып, оқуға грант жеңіп алды. «Формула студент» халықаралық білім беру жобасын SAE (Automotive Engineers Society, автомобиль инженерлері қауымдастығы) 1998 жылы бастаған. Бұл – инженерлік және автоспорт салалары бойынша өткізілетін студенттік жоба. Студенттер жарысқа қатысу үшін өз көліктерін құрастырады.

Біз – Орталық Азия бойынша «Формула студент» жарысына қатысқан алғашқы командамыз. Осы уақытқа дейін 2014 жылдан бастап Қазақстан бұл жарысқа қатысуға тырысты, бірақ алғашқы болып Сулейман Демирель университетінің командасы топ жарды. Жарыс көлігін құрастыруға және өндірісіне 4 ай уақыт кетті, өйткені елімізде «Формула студент» жарысы бойынша қандай да бір байланыс, база болмағандықтан, кейбір бағыттар бойынша өзіміз алғашқы болуымыз керек болды, - деді команда капитаны Елнұр Өтебай.

Оның айтуынша, жарыс алдында әр жүргізуші медициналық тексеруден және нұсқаулықтан өтеді. Жүргізушілер көліктің деңгейіне қарамастан соңғы техникамен жабдықталған, олардың камуфляжы жанбайды және жарақаттан құтқарады, өйткені олар FIA-мен реттеледі. Болид жыл сайын жаңартылатын жобаның техникалық регламентіне сәйкес жасалуы керек. Жеңіске жету үшін команда қатысушылары тек конструкторлық және технологиялық міндеттерді ғана емес, сонымен қатар кадрлық, қаржылық мәселелерді де шешуі керек.

Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенттері «Формула студент» мектебінде оқуға бес грант ұтып алды. Қазақстандық командада жарыс көлігін өзге командалардағыдай 60 емес, жеті адам құрастырған.

Біздің басты мақсатымыз – Қазақстанда осы саланы дамыту. Елімізде алғашқы болып Siemens NX инженерлік бағдарламасында екінші болидті әзірлеуді бастаймыз. Бұл бағдарламада әлем бойынша инженерлік саланың көшбасшылары ұшақтар, машиналар мен қозғалтқыштар жасайды. Қазіргі таңда аталған компания өкілдерімен келіссөздер жүргіздік, енді бұл шешімді университетке жеткізгіміз келеді. Жоспарларымызбен бөлісер болсақ, жақында инженерлік 3D модельдеу бағыты бойынша SDU университетінде кем дегенде бір трек ашуды жоспарлап отырмыз. 10 күннен кейін мүлдем басқа жоғары деңгейдегі екінші болидті әзірлеу басталады, бұл үшін бізге 17 млн теңге қажет, - деді Елнұр Өтебай.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға