Жаңалықтар

Қазақстандық студенттер шетелден несие алып, қайтармайды

Қазақстандық студенттер шетелден несие алып, қайтармайды
Фото: freepik 13.03.2023 17:51 1034

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан азаматтарына Шенген визасын алу неге қиындағанын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біздің кейбір азаматтар Шенген елдерінде жүріп автомобиль жалға алғанда тиесілі айыппұлды төлемей елден шығып кетеді. Өзге де заң бұзу әрекеттері болады. Бөтен елге барған соң ондағы ережелер мен заңдарды сақтау керек. Студентттер несие алып, төлеместен кетіп қалады, - деді Сыртқы істер министрлігі ресми өкілі.

Айта кетейік, Айбек Смадияров баспасөз мәслихатында БАҚ-да жарияланған Қазақстанды Шенген аймақтары қара тізімге енгізгені туралы ақпаратты жоққа шығарған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға