Жаңалықтар

Қазақстандық студенттер бағдарламалау бойынша олимпиадаға қатысады

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті
Қазақстандық студенттер бағдарламалау бойынша олимпиадаға қатысады
Фото: gov.kz 30.12.2022 15:36 1474

Қазақстанның үш студенттік командасы ICPC олимпиадасының әлемдік финалына қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің, Astana IT University және халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің командалары 2023 жылы Египетте өтетін International Collegiate Programming Contest бағдарламалау бойынша Халықаралық Олимпиаданың финалына өтті.

Желтоқсан айында Қазақстан-Британ техникалық университетінің қабырғасында «ICPC Northern Eurasia Finals – 2022-2023» халықаралық командалық олимпиадасының жартылай финалы өтті. Бағдарламалау чемпионатына Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және бүкіл Қазақстаннан 60 команда қатысты. ҚБТУ командасы екінші орын алды. AITU командасы екінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Қараша айында ХАТУ студенттік командасы Бангладеш астанасы Даккадағы ICPC World Finals 2022 Dhaka-ға қатысты. ХАТУ құрамасы Айбар Қуанышбай, Батырхан Алтынбеков және Дінмұхаммед Шорманхан 25-ші орынға ие болып, 2023 жылғы финалға жолдама алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға