Жаңалықтар

Қазақстандық студент тамақ таситын курьер-робот ойлап тапты

Осылайша, ол жас миллионер атанған
Қазақстандық студент тамақ таситын курьер-робот ойлап тапты
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі 16.12.2022 07:14 1453

Сүлеймен Демирел атындағы университеттің 4-курс студенті Бексұлтан Айтен курьерлердің қызметін алмастыратын дрон ойлап тауып, жас миллионер атанды, деп хабарлайды El.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл дрондар тапсырыс берушіге бургер, пицца, донер сияқты фаст-фудты тез арада жеткізе алады. Қазір оның дрондарына кәсіпкерлердің қызығушылық танытып отыр. Инженерлік және Жаратылыстану факультетінің студенті Бексұлтан Әйтенде алты түрлі дронның прототипі бар, сол дрондарды сатумен де айналысады.

Ол роботтарды СДУ Технопаркінде құрастырып, сол жерде сандық технология саласындағы жобаларын да жарыққа шығарды. Енді алдағы уақытта әскери мақсатта қолдануға болатын робот дрондарды жасағысы келеді.

Сондай-ақ Бексұлтан робототехниканы үйренуге арналған білім беру жинақтарын шығаруды жоспарлап отыр. Оның айтуынша, соның арқасында балалар өз бетінше керемет технологияларды ойлап таба алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға