Жаңалықтар

Қазақстандық студент Финляндиядағы жарысқа қатысады

Қазақстандық студент Финляндиядағы жарысқа қатысады
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 12.11.2023 19:31 476

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті, белгілі шаңғышы Айша Рақышева Муониода өтетін FIS шаңғы жарысында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Спортшы жарысқа шығар алдында қазақ халқы мен университет ұжымына сәлемдеме жолдап, видео жазды.

Жарыс кестесіне сәйкес, классикалық жүріспен спринт 12 қарашада, 13 қарашада - 10 км (әйелдер) және 15 км (ерлер) классикалық жүріспен жарыс, 14 қарашада - 10 км (әйелдер) және 15 км (ерлер) конькимен жарыс өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға