Жаңалықтар

Қазақстандық стендап-комик қамауға алынды

Қазақстандық стендап-комик қамауға алынды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 24.05.2024 11:43 366

Танымал блогерге тіл тигізген стендап-комик 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Стендап-комикке ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылды. Айыпталушы ойын-сауық мекемесінде стендап көрсету кезінде жиналғандарға қатысты әдепсіз сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзған.

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.

Сот айыпталушыны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға