Жаңалықтар

Қазақстандық спортшылар Италияда әлем чемпионы атанды

Бергамо қаласында каратэден әлем чемпионаты өтті
Қазақстандық спортшылар Италияда әлем чемпионы атанды
Фото: prosports.kz 30.10.2022 20:00 2428

25-30 қазан аралығында Бергамо қаласында (Италия) пара-каратэден әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 16 елдің спортшылары қатысты, деп хабарлайды  El.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлем чемпионатында Қазақстанның намысын Ләззат Жүсіпова мен Дидар Мұхамеджанов қорғады.

Спортшылар «Ката» санаты бойынша сәтті өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды.

1 орын – Ләззат Жүсіпова (көру қабілеті бұзылған спортшылар санаты);

1 орын – Дидар Мұхамеджанов (тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар санаты). 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға