Жаңалықтар

Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында жеңіске жетті

Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында жеңіске жетті
Фото: © El.kz 23.07.2023 23:18 565

Малайзияның Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасында XIX Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, жарыстың соңғы күні командалық сында жүлделі орындар сарапқа салынды.

Кумите бағдарламасында Қазақстан ерлер командасы күміс жүлдеге ие болды.

Сонымен, чемпионат қорытындысында Қазақстан құрамасы 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медальмен алғаш рет жалпы есепте топ жарды. Жапония каратэшілері (3 алтын, 3 күміс, 2 қола) екінші орында, ал үздік үштікті Иран (3 алтын, 2 күміс, 7 қола) құрамасы түйіндеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға