Жаңалықтар

Қазақстандық спортшы шорт-тректен әлем кубогі кезеңінің чемпионы атанды

Денис Никиша 500 метр қашықтықта жалпы есепте көш бастады
Қазақстандық спортшы шорт-тректен әлем кубогі кезеңінің чемпионы атанды
Фото: olympic.kz 13.02.2023 07:38 634

Қазақстандық Денис Никиша шорт-тректен әлем кубогінің қорытындысы бойынша үздік атанды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Денис Никиша 500 метр қашықтықта жалпы есепте көш бастады.

Барлығы 402 ұпай жинаған қазақстандық шорттрекші бірінші орынға ие болды.

Денис өткен жылы АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдегер атанған еді. Содан кейін Алматыдағы екі кезең барысында алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды.

Нидерланд елінің Дортехт қаласында өткен әлем кубогінің алтыншы кезеңінде қазақстандықтар жүлдеге іліге алмады. Әсіресе, ерлер құрамасы 5 мың метрлік эстафетада үздік төрт команда сапында финалға шығып, жүлдеге жақын тұрды. Өкінішке қарай, жарыс барысында спортшылардың бірі құлап қалып, қазақстандықтар үздік үштікке іліге алмады.

Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Нұрберген Жұмағазиевтің айтуынша, ендігі басты меже – Оңтүстік Корея астанасы Сеулде 10-12 наурызда өтетін әлем чемпионатында сәтті өнер көрсету.Енді Астанаға оралып, дайындықты бастаймыз. Жылдың ең басты додасында 500, 1000 және 1500 метр қашықтықта жігіттер мен қыздар сынға түседі. Сондай-ақ 2 мың метр қашықтықта қазақстандықтар микстен жарыс жолына шығады. Оған қоса ерлер 5 мың, қыздар 3 мың метрлік эстафетада бақ сынайды, - деді Н.Жұмағазиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға