Жаңалықтар

Қазақстандық спортшы қыз 23 жасында көз жұмды

Қазақстандық спортшы қыз 23 жасында көз жұмды
Фото: prosports.kz 16.05.2023 04:04 753

Қостанайлық параспортшы, мүгедектер арбасында спорт шебері Малика Мұқтарова дүниеден өтті. Ол 23 жаста еді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

15 мамырда бойжеткеннің Instagram парақшасында оны қайда және қашан соңғы сапарға шығарып салғаны туралы ақпарат пайда болды.

2015 жылы Малика спорт және бал биі бойынша Қостанай облысының бес дүркін чемпионы атанды. 2016 жылдан бастап халықаралық жарыстарға қатысып келеді. Қыркүйек айында Малика Мұқтарова Санкт-Петербургте өткен мүгедектер арбасындағы би спортынан Әлем кубогының қола жүлдегері атанды.

Сол жылдың қараша айында Малика Тайваньда арбамен билеуден Азия чемпионы атанды. Ол чемпионатта екі алтын және бір қола медаль жеңіп алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға