Жаңалықтар

Қазақстандық спортшы пара шаңғыдан әлем чемпионы атанды

Ербол Хамитов бұған дейін қола жүлдеге ие болған еді
Қазақстандық спортшы пара шаңғыдан әлем чемпионы атанды
Фото: paralympic.kz 25.01.2023 01:31 1525

Ербол Хамитов пара шаңғыдан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спортшы әлем чемпионатындағы спринтты 2:44,23 уақытта бағындырып, жеңіске жетті.

Жарыста мәреге екінші болып украиндық спортшы Тарас Рад келсе, үшінші орынға бразилиялық спортшы Кристиан Вестмаер Рибейра ие болған.

Бұған дейін Ербол әлем чемпионатының алғашқы күні пара биатлоннан қола жүлдеге ие болған еді.

Айта кетсек, пара шаңғы және пара биатлоннан әлем чемпионаты Швецияның Эстерсунд қаласында 21-29 каңтар аралығында өтуде. Жарыста 18 мемлекеттен 102 спортшы өнер көрсетіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға