Жаңалықтар

Қазақстандық спортшы конькимен жүгіруден Әлем кубогында жүлдегер атанды

Дүбірлі дода Финляндияда өтіп жатыр
Қазақстандық спортшы конькимен жүгіруден Әлем кубогында жүлдегер атанды
Фото: Sports.kz 03.12.2022 22:15 1476

Отандық спортшы Алина Дауранова конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында Әлем кубогында жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Сүйінші жаңалықпен Конькимен жүгіру одағының баспасөз қызметі бөліскен.

Алина Дауранова конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем Кубогінің екінші кезеңінде күміс жүлдегер атанды, – деп жазды Одақтың ресми парақшасында.   

Естеріңізге сала кетсек, Финляндияның Сейняйоки қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем Кубогінің екінші кезеңі өтіп жатыр. Жарыстар ашық мұз айдынында бақ сынасуда.

Бұған дейін қазақстандық спортшы қыз Финляндияда 500 және 1000 метр қашықтықта конькимен жүгіруден екі алтын медаль иеленген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға