Жаңалықтар

Қазақстандық спортшы Хорватияда топ жарды

Қазақстандық спортшы Хорватияда топ жарды
Фото: fdk.kz 24.08.2023 01:32 870

Қазақстандық спортшы Нұрлан Исатаев дзюдодан жасөспірімдер арасында 55 келі салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Нұрлан Исатаев дзюдодан жеңіс тұғырына көтерілді. Ол финалда ол грузиялық Мераби Самадашвилимен кездесіп, қосымша уақытта қарсыласын қапы қалдырды.

Қазақстандық балуан жарыста іріктеу кезеңінде Шахруз Шаназаров (Түркменстан), Лиова Спариян (Армения), Янг Жонатан (АҚШ) секілді қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді. Жартылай финалда тағы бір отандасымыз Оралбек Байзақтан басым түсті.

Ал қыздар арасында 40 келіге дейінгі салмақта Сабина Юлдашбекова күміс алса, ұлдар арасында Оралбек Байзақ қола жүлдені еншіледі.

Еліміздің жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдемен медальдар кестесінде көш бастап тұр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға