Жаңалықтар

Қазақстандық спортшы Дастан Мұқашбеков Париж Паралимпиадасына жолдама алды

Қазақстандық спортшы Дастан Мұқашбеков Париж Паралимпиадасына жолдама алды
Фото: ҚР МСМ 14.07.2023 13:44 494

Дастан Мұқашбеков жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Ол 15,74 метр нәтижесімен ядро лақтыруда үшінші орынды иеленді. Бұл туралы ҚР МСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Турнир Парижде 8-17 шілде аралығында өтеді. Жарысқа әлемнің 107 елінен 1200-ден астам спортшы қатысады. Қазақстан атынан Дастан Мұқашбеков пен Салтанат Әбілқасымқызы өнер көрсетеді.

Оқи отырыңыз:

Айта кетейік, жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты – бұл іріктеу турнирі, онда алғашқы 4 орынға ие болған спортшылар XVII Жазғы Паралимпиадаға жолдама алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға