Жаңалықтар

Қазақстандық шорт-трекшілер универсиадада күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық шорт-трекшілер универсиадада күміс медаль жеңіп алды
Фото: facebook.com 21.01.2023 09:53 1010

Қазақстан құрамасы шорт-трек бағдарламасындағы аралас эстафетада 2-орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Қазақстандық команда (Яна Хан, Малика Ермек, Алина Әжғалиева, Әлішер Әбілқатимов, Әділ Ғалиахметов және Еркебұлан Шамуханов) аралас эстафетада екінші болып мәреге жетіп, күміс медалді иеленді.

Әзірге Қазақстан құрамасының еншісінде 3 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлде бар. Медальдар кестесінде 9 - орында тұр.

Қазақстандық шорт-трекшілер универсиадада күміс медаль жеңіп алды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға