Жаңалықтар

Қазақстандық самбошы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Қазақстандық самбошы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды
Фото: Ашық дереккөзден 08.10.2023 15:47 583

Нұрсұлтан Жұбатқан самбо күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі. 

Қырғыз елінің астанасы Бішкек қаласында самбо күресінен жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Әлемдік бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсеткен маңғыстаулық Нұрсұлтан Жұбатқан 64 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды. 

Жомарт Қобыланов пен Бағылан Ибрагим жаттықтыратын жас спортшы жарыс барысында Әзірбайжан, Молдова, Армения самбошыларынан басым түскен және  Ресей спортшысына есе жіберіп Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

6-8 қазан аралағыныда өтіп жатқан әлем біріншілігінде 23 мемлекеттен 350 спортшы бақ сынап жатыр. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға